$ 513  541.16  4.69

Алматылық автобустарда жол ақысы тағы қымбаттауы мүмкін

Алматыдағы жолаушылар тасымалымен айналысатын ең ірі компаниялардың бірі автобустағы жол ақысын бірден 320-330 теңгеге дейін өсіру керектігін айтып отыр. Бұл туралы Informburo.kz порталы жазды.

"Біз әкімдікке жол ақысын қымбаттатуды ұсындық. Олар алдымен ұсынысымызды мәслихатқа жолдайтынын, содан кейін тағы бірнеше қаралымнан өту керектігін айтты. Біздің есебіміз бойынша, жол ақысы 320-330 теңге аралығында болуы керек. Тым болмағанда қазіргі жағдайда 150-160 теңгеге дейін өсіруді сұрадық", - дейді "Тұлпар ЦДС" ЖШС директоры Марат Әлиев.

Оның айтуынша, қаладағы жолаушылар тасымалымен айналысатын 22 компания жол ақысын қымбаттатуды қолдап отырған көрінеді.

"Бұдан әрі қарай жанармай бағасының қалай болатынын айта алмаймыз, өсіп бара жатыр. Қазір литріне 135 теңге болды, қарашаға дейін 150 теңгеге дейін көтереді дейді. Сондықтан жол ақысын да қымбаттату керек. Күнделікті тұтыну тауарларының бағалары түгел өсті, тек жол ақысы ғана соңғы 4 жылдан бері өзгеріссіз қалып отыр", - дейді Әлиев.

Бұдан бөлек, жуырда ғана айналымға енген "Оңай" төлем жүйесі автопарктерді тек шығынға батырып келеді екен. Мәселен, "Оңайға" дейін тасымалдаушы компания күніне 3-4 миллион теңге табыс тауып отырса, қазір бұл көрсеткіш небәрі 1,5 миллион теңгені құрап отыр дейді ол.

Айта кетейік, соңғы рет Алматыда жол ақысы 2012 жылы 50 теңгеден 80 теңгеге дейін қымбаттаған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары