$ 513  541.16  4.69

Жаңаөзенде ереуілге шыққан жұмысшылардың талаптары толық орындалды

Бірнеше күннен бері көшеге шығып, наразылық акциясын ұйымдастырған жаңаөзендік бұрғылау компаниясының жұмысшылары Маңғыстау облысының әкімімен жолыққаннан кейін үйлеріне тарқасты деп жазады Tengrinews.kz.

Айта кетейік, 5 қазан күні Жаңаөзенге Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев, облыстық прокуратураның өкілдері және "Бұрғылау" ЖШС-нің басшылары келіп, ереуілге шыққан жұмысшылармен кездесті. Кездесу барысында келісілгендей, жұмысшылар талаптарының бәрі орындалатын болды.

А.Айдарбаевтың айтуынша, "Бұрғылау" ЖШС жыл соңына дейін қосымша жұмыстар алады. Яғни, компанияға тағы 34 мұнай ұңғымасын бұрғылау үшін 6 миллиард теңге бөлінбек.

Бұдан бөлек, ереуілшілердің тағы бір талабы орындалатын болды. Атап айтқанда, Сәкен Бекғалиев компанияның кәсіподақ төрағасы болып сайланды. "Бұрғылау" ЖШС басшылары кәсіподақ төрағасының ісін апелляциялық негізде жоюға келісімін беріп отыр. Бұл мәселені облыс әкімі мен прокуроры өздерінің бақылауына алатынын да мәлімдеді.

Айта кетейік, әкімнің жұмысшылармен арасындағы келіссөзі 7 сағатқа созылды. Мұнан кейін ереуілге шыққандар үйлеріне тарқасып, келіссөз нәтижесіне көңілі толатынын жеткізді.

Естеріңізге салайық, жаңаөзендік жұмысшылар 6 күн қатарынан наразылық акциясын өткізген болатын. Шамамен 2 мыңдай адам алаңға жиналып, жалақы мәселесін шешіп беруді және басшылар тарапынан кәсіподақтар төрағасына көрсетілген қысымды тоқтатуды талап етті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары