$ 494.87  520.65  4.91

45 жастағы әйел 16 жастағы жасөспірімге ғашық болып қалған

Әйелден жеті баласының алтауы теріс айналған.

60 жастағы Мэрилин Баттиджиг (Marylin Buttigieg) және оның 31 жастағы күйеуі Уильям Смит (William Smith) Батыс Сассекс округіндегі Кроули қаласында үйлену тойларының 12 жылдығын және 15 жыл бойы бірге өмір сүріп келгендерін атап өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail-ге сілтеме жасап. 

Жеті баланың анасы Мэрилин болашақ жарымен 2006 жылы, Смит 16 жаста болған кезде танысқан. Жасөспірім әйелдің ұлымен дос болып, үйіне жиі келіп жүрген.
Ғашықтардың айтуынша, олар бірден өзара тартымдылықты сезінген. Бірақ жас жігіт талқылаудан қорыққандықтан өз сезімдеріне бой алдырмауға тырысады.
Дегенмен олардың арасындағы қарым-қатынас тез дамып, 2009 жылдың сәуірінде жұп үйленеді. Ерлі-зайыптылардың туыстары мен достары олармен қарым-қатынастарын тоқтатады. Әйелден жеті баласының алтауы теріс айналған. Қазір әйел тек бір ұлы, яғни күйеуінің досымен ғана араласады. Ал Смит отбасының барлық мүшелерімен байланысын үзген. 
"Біз тозақтың дәмін таттық. Мені талай рет педофиль деп атады. Адамдар бізді жайымызға қалдырғысы келмейді", - дейді Баттиджиг.

Күйеуі мен әйелі бар қиындықтарға қарамастан, өз таңдауларына өкінбейтінін айтады.
"Мен арамызда ерекше бір нәрсе болып жатқанын білдім. Ол менің арманымдағы әйел болды. Бұдан былай да солай болып қала береді", — дейді Смит.

Қазір ерлі-зайыптылар өздерінің махаббат хикаясы туралы фильм түсіруге ақша жинап жатыр. Олар өздері туралы жұртшылыққа айтып, жас айырмашылығына байланысты туындайтын стереотипті көзқарастарды өзгерткісі келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#батыс