$ 494.87  520.65  4.91

Телеарналарда «әйел секілді еркектерді» көрсетуге тыйым салынды

Енді 18 жасқа дейінгі балалар аптасына үш сағатын ойынға арнай алады.

ҚХР билігінің мәліметінше, бұл елдің құндылықтарын көрсетпейді. Телехабар тарату компанияларына «әйел тәрізді ерлер» мен «қалыптан тыс эстетиканың» бағдарламаларында пайда болуын тоқтату тапсырылды. Ел билігінің айтуынша, эстрада жұлдыздары мен әртістердің талғампаз бейнелері қытайлық жастарды батыл болуға ынталандырмайды.

Телеарналар сонымен қатар шоуға қатысатын әртістердің таңдауын, олардың сыртқы түрі мен эфирдегі мінез - құлқын қатаң бақылауға алуы керек. Сондай -ақ, үкімет байлық пен даңқты насихаттауға қарсы болды. Соның ішінде адамдардың жеке өмірін талқылауға тыйым салынды. Оның орнына «керемет қытай дәстүрлі мәдениеті, революциялық мәдениет және социализмнің озық мәдениеті» бейнелерін құптайды.

Бұған дейін Қытай үкіметі мектеп оқушыларына жұмыс күндері видео ойындар ойнауға тыйым салған. Енді 18 жасқа дейінгі балалар аптасына үш сағатын ойынға арнай алады. Кәмелетке толмаған пайдаланушыларға жұма, демалыс және мереке күндері бір сағатқа дейін ойын уақыты қол жетімді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ҚХР