$ 444.22  476.38  4.82

Көпбалалы отбасыларға қандай көмек жасалды?

Естеріңізге сала кетсек, елімізде көпбалалы отбасыларға жәрдемақы алу кезінде олардың жеке табыстары есепке алынбайды.
фото: ашық дереккөзі
фото: ашық дереккөзі

12 қыркүйек – Отбасы күні. Соған орай елімізде түрлі шаралар ұйымдастырылып жатады. Әрине, бұл атаулы мерекеде көпбалалы отбасылар да назардан тыс қалмайды. Елдің ең басты секторы баланы тәрбиелеп, өсіріп отырған жанұя мүшелеріне тек мерекеде ғана емес, кез келген уақытта да көмек көрсетсе артықтық етпейді.

Полицейлер көп балалы отбасына көмек көрсетті

 Халықаралық отбасы күнінде облыстық Полиция департаменті арнайы жедел әрекет ету бөлімшесінің қызметкерлері көп балалы отбасына барып, күтпеген жерден қуаныш сыйлады. 
Бұл жолы СОБР қызметкерлері қарапайым ғана шағын ауданда тұратын көпбалалы отбасына барды. Отбасында төрт бала бар. Олардың үлкені 10 жаста, ал ең кішісі 2,5 жаста ғана.\

Отағасы Дәурен құрылыста жұмыс істейді, ал әйелі балаларды тәрбиелеп үйде отыр. Полиция қызметкерлері отбасы мүшелерін атаулы мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Дегенмен олар бұл үйге бос бармаған еді. Күнделікті өмірге қажетті азық-түлік өнімдері, балаларға арналған тәттілер мен ойыншықтарға толы сый-сияпатын да тарту етті. 

Төрт баланың анасы полиция қызметкерлерге осындай ізгі ілтипат үшін үлкен алғысын білдіріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
Бұл тек мереке күні ғана жасалған сыйдың біреуі ғана. Ал жыл көлемінде аталған жанұя мүшелеріне көрсетілетін көмек қандай екен?!

Жыл басынан бері көп балалы отбасыларға қанша теңге жәрдемақы берілді?

Соңғы мәліметтерге сүйенетін болсақ, 2021 жылдың қаңтары мен тамызы аралығында орта есеппен көп балалы отбасы санатына жататын 447,1 мың жанұяға 188,4 млрд. теңге көлемінде мемлекеттік жәрдемақы төленген.
Ал осы ағымдағы жылдың тек тамыз айындағы көрсеткіштерге назар аударсақ, 452,3 мың отбасы жалпы сомасы 23,8 млрд.теңге шамасындағы жәрдемақымен қамтамасыз етілген.

Аталған жәрдемақыны кімдер алады?

Кәмелетке толмаған 4 немесе одан да көп балалары бар отбасылар немесе білім беру орындарында күндізгі бөлімде оқитын 23 жасқа толмаған студент балалары бар отбасылап бұл мемлекеттік жәрдемақыға өзінің жеке табысына қарамастан жүгіне алады.

Төлем мөлшері де бала санына байланысты беріледі және 2021 жылы 46 760 теңге (4 бала үшін), 58 457 теңге (5 балаға), 70 154 теңге (6 балаға), 81 852 теңге (7 бала үшін) аралығында болады. 
Сондай-ақ, 8 бала - 93 344 теңге, 9 бала - 105 012 теңге, 10 бала - 116 680 теңге, 11 бала - 128 348 теңге, 12 бала - 140 016 теңге, 13 бала - 151 684 теңге, 14 бала - 163 352 теңге , 15 бала - 175 020 теңге, 16 балаға- 186 688 теңге көлемінде жәрдемақы алу қарастырылған.

Естеріңізге сала кетсек, елімізде көпбалалы отбасыларға жәрдемақы алу кезінде олардың жеке табыстары есепке алынбайды. Бұл заңнамаға негізделген жаңа мемлекеттік жәрдемақы 2020 жылы 1 қаңтардан бастап аз қамтылған және көп балалы отбасыларды әлеуметтік көмек арқылы қолдаудың негізгі үш бағыты шеңберінде енгізілген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары