Психолог Серікгүл Сәли "Нартай ньюс" арнасына сұхбат беріп, айды аспанға бірақ шығарды. Оның айтуынша, қазақ әйелдеріне бірден екі күйеуге тию мәселесі туралы заң қабылдау керек дейді.
Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.
Сұхбат барасында бір еркекке екі әйел алуға болады деген заң қабылдану керек деген мәселеге орай психолог Серікгүл Сәли:
"Әрбір әйел екі күйеуге тисін деген сонымен қоса әрбір еркектің екі әйелі болсын, - деген заң қабылдану керек деді.
Әйелді толық қамтамасыз ету керек. Қай жағынан болса да, кейбір еркектердің шамасы жетпей жатады. Сол кезде екі күйеуі болса әйелге қолдау болады.",- деп сөзін аяқтады.
"Екі әйел алу керек деген тақырыптың түйіні немен шешілу керек?"
Серікгүл Сәли:
"Осыдан жүз жыл бұрын қазақ тілі, матиематика деген сабақтардан мүлдем сауатымыз болған жоқ. Бірақ бізді мәжбүрлеп оқытты. 11 жыл біз сол пәндерлі оқыдық. Дегенмен біз бәріміз сол пәндердің маманымыз деген сөз емес. Қазіргі қоғамда қабілетті болып өмір сүруіме қажетті нәрсе.
Тура сол сияқты психологияда адамдардың арнайы білуі керек базалық білімдер бар.
Еркек пен әйелдің қарым-қатынасы, инстинг, аналық пайыз, аталық деген сияқты барлық базалық білім бар психологияда.
Сол білімді біз бермейінші халыққа, адамдардың арасында бәрін түсініп бақытты ғұмыр кешпейміз.
Мысалы мен үйрек болсам, барлығын үйрек сияқты өмір сүргенін қалаймын. Ал бүркіт болсам, мынау неге мен сияқты өмір сүрмейді деп қараймын.
Осы сияқты көзқарастардан құтылу үшін психологиялық білім керек.", - деп жауап берді психолог.