21 жастағы трансвестит Амилай Баймұратова "НақтыLike" бағдарламасына келіп өз ойын ашық айтып, сұхбат берді. Ол өз сөзінде діндар адамдардың да клиент ретінде келетінін айтып қалды.
Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.
Бағдарлама барысында 50 минут бойы өз пікірін ашық айтқан транс өзіне нәзік жандылар мүлдем ұнамайтындығын жеткізді.
Сонымен қатар, Амилай "Бір болайық" жобасының қатысушысы Сәкен Оспанмен бірге сұхбат бойы ой таластырды.
Амилай Қазақстанда өзін қолдап, оны түсінетін ер азаматтардың бар екендігін алға тартты. Тіпті бір отбасы болып, бір үйде тұрғанын да жасырмады.
"Мен негізі көбінесе сені жақсы көремін деп айта беретін жігіттерді бірден ұнатпай қаламын. Маған қатал ер азамат болу керек. Маған барлық қаланың ер азаматтары жазады. Сөйлесеміз, кездесеміз. Жыныстық-қатынасқа түсіп болған соң, неге бұндай жолға түсіп кеттің, қалай келдің деп сұрайтындар бар. Тіпті маған молдалар да келген. Әлеуметтік желіге сурет қойып "Алла жар болсын" деп жазып қояды да, транстарға кездесейікші деп жазатындар да бар.", - деді Амилай.
"Менің құрбымды молдаға оқытуға алып барған. Жеке қабылдау кезінде молда оған жабысып, сонымен болған", -дейді Амилай.