$ 494.87  520.65  4.91

«Махаббатпен үйлендік»: Өзінен 8 жас кіші жігітке тұрмысқа шыққан келіншек сырымен бөлісті

Әу баста әріптес болып жүрген жандар биыл шаңырақ көтерген.
Фото: instagram.com/Сымбат КУРМАНКУЛОВА
Фото: instagram.com/Сымбат КУРМАНКУЛОВА

Өзінен 8 жас кіші жігітке тұрмысқа шыққан Сымбат Құрманқұлова Жаркенттің келіні. Әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатқан отбасы Алматыда тұрады, деп хабарлайды Express Qazaqstan. 

29 жастағы Сымбат Құрманқұлова қаладағы шипайжайлардың бірінде аспаз болып жұмыс істейді. Болашақ күйеуі Қуаныш Әбілбековпен ол осы жұмыста танысқанын айтады. Оның айтуынша, өзінен 8 жас кіші Қуаныш даяшы болып қызмет етеді екен. Әу баста әріптес болып жүрген жандар биыл шаңырақ көтерген.

"2021 жылы шілдеде алып қашып кетті. Кейін әкемнің алдынан өтіп батасын алды. Қазір Көктем шипажайында тұрамыз. Мен сол жерде бас аспаз, ал күйеуім даяшы болып қызмет етеді. Барлығы жұмыстағы махаббаттан басталды. Жасың кіші, ел дұрыс түсінбейді десем де қоймады. Ақыры үйлендік", — дейді Сымбат Құрманқұлова.

Екі жастың мұндай қадамына екі жақтың ата-аналары әу баста қарсы болғанымен, кейін бақтарын байламайық деп шешкен. Сымбат өз тарапына айталатын түрлі пікірлерге де назар аудармайтын болып алдық дейді.

"Өзім жастайымнан ән айтамын. Сахнаға шығу арманым болды. Сол арманым басқаша орындалған сияқты. Қазір күйеуім екеуміз туралы БАҚ көп жазып жатыр. Танымал болып кеттік. Басын айналдырып алған жоқпын. Таза махаббатпен үйлендік. Жағымсыз пікірлерге мән бермеуге тырысамыз. Әзірге бала-шаға жоқ", — деді Сымбат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары