$ 495.2  522.34  4.94

«Қазақтың қанын құртып жатыр»: Африкалық жігітке күйеуге шыққан ару өзін айыптағандарға жауап берді

Зайда ер адамды жоғары қойып, әйелді төмен санайтындарға шүйлікті.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Африкалық азаматқа күйеуге шығып, желіде танымал болған атыраулық Зайда Жаңабаева өзін "қазақтың қанын құртып жатыр" деп сынаған желі қолданушыларына жауап берді. Келіншектің айтуынша, белгілі бір ұлтта қан араласуына әйелдер емес, ер адамдар тікелей жауапты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Келіншек өзіне сын айтқандарға қатысты жауабын Instagram желісіндегі парақшасында жария еткен.

"Көптеген "пiкiрлер" менің қазақ қанын құртканым туралы боп жатыр. Бірақ логикалық тұрғыдан қарасақ, қанды құртатын өзге елге күйеуге шыккан әйел адам емес, өзге ұлттың әйелін алған еркектер. Өйткені, "метис" деген ұлт жоқ, ал баланың ұлты әкесінің ұлтымен аталады. Мысалы, менің балам нигериялық болады. Қазақ боп аталмайды. Ал өзге ұлтқа үйленген қазақ жiгiттерiнiң балалары қазақ болып аталады, бірақ олардың қаны аралас. Таза қазақ емес. Тағы бір "пiкiр" менің баламның қазақ қызын алып, қанды әрі қарай құртуы туралы жазылған. Әйел жат жұрттық болған соң, сол жұбайының елiне кетеді. Сондықтан, оның баласы қазақ қызын ала ма, алмай ма, белгісіз. Ал еркектер көбіне елдерiнде қалады. Демек, қан араласу тағы осы жерде болмақ", - дейді Зайда.

Сондай-ақ, Зайда ер адамды жоғары қойып, әйелді төмен санайтындарға шүйлікті.

"Біздің халық ер адамды өте жоғары санап, олардың істеріне көз жұма қарайды. Қыздардың әлеуметтік орнын төмендетіп, аузына келгенін айтады. Сол тас дәуірінен қашан шығар екенбіз?! Мысалы, басқа ұлттан қыз алған қазақ еркектері қаншама? Оларға неге сын айтылмайды? Қысқасы, логиканы іске қосамыз. Қайталап айтамын, мен қазақ қанын құртқаным жоқ. Мен Африканың қанын құртудамын", - деп жазды Зайда.

Айта кетелік, Зайда Жаңабаева нигериялық азаматқа тұрмысқа шығып, оның тойы қазнетте қызу талқыланған еді. Зайда көп ұзамай көпшілікке жұбайымен қалай танысқанын айтып берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары