$ 494.87  520.65  4.91

Африкалық құдалар қазақ қалыңдыққа уыс-уыс ақша шашты (ВИДЕО)

Одан үй ішінде жерге төселген ақ мата үстімен қазақтың ұлттық киімін киген қалыңдықтың келе жатқанын көруге болады.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Тағы бір қазақ қызының Алматыда қара нәсілді азаматқа тұрмысқа шығып жатқан видеосы тарады. Бұл жолы басына сәукеле киген бойжеткенге күйеу жігіт тарапы ақша шашып жатыр, деп жазды turkystan.kz.

Видеоны өзінің Facebook-тегі парақшасына Рима Нұрлыбекқызы есімді желі қолданушысы жариялады. Одан үй ішінде жерге төселген ақ мата үстімен қазақтың ұлттық киімін киген қалыңдықтың келе жатқанын көруге болады. Ал келесі бір видеода африкалық құдаға шапан жабылады.

«Енді тағы да қазақ қызы африкалық жігітке тұрмысқа шығып жатыр. Бұл қызды сөкпейікші, жәй ғана шын бақыт тілейікші. Жалғыз жүргеннен жақсы ғой. Бұл екі жұп бақытты болсын! Обшым, қазақ елі Африка елімен тоқтаусыз құда болып жатырмыз», – дейді жазба авторы.

Алайда оны көрген желі қолданушыларының дені қыздың бұл шешімін бұрыс деп санайды. Ал қалғандары ұлттың жаманы болмайтынын, әркімнің өз тағдырына өзі жауапты екенін түсіндіріп әлек.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары