$ 443.35  475.54  4.82

Ақтауда қылмыстан жапа шеккен балаларға қолдау көрсету орталығы ашылды

Бүгін Маңғыстау облысының орталығында «Мейірім» қоғамдық қоры негізіндегі Қылмыс құрбандары және куәгерлеріне арналған балаларға қолдау көрсету орталығының салтанатты ашылуы өтті. Оған Қазақстандағы Еуропалық одақ өкілдігінің басшысы Траян Христеа және Қазақстандағы БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) басшысы Юрий Оксамитный, облыс әкімдігінің өкілдерінің қатысты.

Сонымен қатар, ашылу салтанатына орталық және жергілікті билік органдарының өкілдері, халықаралық өкілдер және бейүкіметтік ұйымдар шақырылды. Іс-шара барысында барлық қатысушыларға Қазақстандағы Еуропалық Одақ пен ЮНИСЕФ ұйымдарының бірлескен бағдарламасы шеңберінде жабдықталған балаға мейірімді бөлмелер көрсетілді.

Ақтау қаласындағы сынама орталықтың негізгі мақсаты - қылмыс құрбандарына және куәгерлеріне айналған балаларға және отбасыларына әлеуметтік-құқықтық және психологиялық қолдау қызметтерін көрсету арқылы оларды қоғам қатарына қайта қосу. Қылмыс және зорлық-зомбылық құрбандарына және куәгерлеріне айналған балаларға қызметтер көрсету балалардың мүдделеріне барынша сай келетін кәмелетке толмағандарға арналған әділсот және балалардың құқықтарын қорғау жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі болып саналады. Зорлық-зомбылықтық залалды әсері көбінесе баланың кез-келген туындайтын сот істерін қарауға қатысуы салдарынан күшейе түседі.

Қазақстанның 2015 жылғы төртінші мерзімді баяндамасына берген қорытынды ескертпелерінде БҰҰ Бала құқықтары жөніндегі комитеті әділсот жүйесінде балаларға психологиялық қолдау көрсетуді және балалармен әлеуметтік жұмыс жасауды қамтамасыз ету үшін жауапты органның жоқтығына алаңдаушылық білдірген болатын. Осыған орай, БҰҰ Бала құқықтары жөніндегі комитеті Қазақстанға қажет болған жағдайда әділсот жүйесіне түскен барлық балаларға психологиялық және әлеуметтік көмек көрсетілуін қамтамасыз етуге кеңес берген.

Сынама орталықтың жұмысы Маңғыстау облысының білім, денсаулық сақтау, құқық қорғау және сот органдарының қолдауымен «Мейірім» қоғамдық қорымен бірге жүзеге асырылып жатыр. Балаларға және олардың ата-аналарына 2016 жылдың маусымынан бастап Орталықта қызметтер көрсетіле бастады. Сынама орталықтың жұмысының нәтижелері бойынша ұсыныс-кеңестер әзірленіп, қылмыс құрбандарына және куәгерлеріне айналған балаларға қолдау көрсету қызметтерінің үлгісі Қазақстан Үкіметінің назарына ұлттық деңгейде ықтимал енгізу үшін ұсынылады.

Еске сала кетсек, елімізде 2014 жылдың маусым айынан бастап ЕО және ЮНИСЕФ ұйымдарының «2014-2017 жж. арналған Қазақстандағы балаларға арналған әділсот және олардың құқықтарын қорғау жүйесін нығайту» атты бірлескен бағдарламасы жүзеге асырылуда, оның мақсаты Қазақстан Үкіметіне халықаралық стандарттарға сай, балаларға мейірімді, жан-жақты құқықтық жүйе жасауда қолдау көрсету. Аталмыш бағдарлама Шығыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында жүзеге асырылып, жалпы бюджеті 2,4 млн еуро құрайды. Бағдарламаны жүзеге асыру 2017 жылдың маусымында аяқталады деп жоспарлануда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары