$ 449.58  486.94  4.86

Сырдария өзені екі ауылды жалғап тұрған көпірді шайып кетті

Күннің күрт жылынып, мұздың еруінен Сырдария өзені де ернеуінен аса бастады. Салдарынан, Қызылорда облысының бірқатар ауылдарын су шайып кету қаупі төніп тұр. Қазірдің өзінде біраз жайылым жерлер ағын судың астында қалған. Ернеуінен асқан дария Қармақшы ауданындағы екі ауылды жалғап тұрған көпірді шайып кетті деп хабарлады КТК телеарнасы.

Дегенмен екі ауылдың ол көпірден басқа негізгі қатынас жолы бар екен. Сондықтан аса бір кедергі келтіріп отырған жоқ дейді жергілікті басшылар. Әзірге қауіп төніп тұрғаны – Жалағаш ауданындағы Далдабай ауылы. Құтқарушылар елді-мекенге бір шақырым жерден суды тоқтатып, ол жерде топырақтан бөгет жасалып жатыр. Бұл жұмыстарға 500 адам мен ауыр техникалар жұмылдырылған. Сондықтан ауыл тұрғындары үшін қорқатын ештеңе жоқ дейді әкімдік өкілдері. Дегенмен, апат бола қалса, жұртты қауіпсіз жерге көшіретін 24 автобус дайындалып қойған.

Талғат Дүйсебаев, Жалағаш ауданының әкімі:

-Аудан көлемінен өзеннің көлемі 84 шақырым болатын болса, сол 84 шақырымның болжамды су алу қаупі деп белгіленген 13 учаскесі бар. Сол 13 учаскесіне 29 кәсіпорын белгіленген. Күнделікті тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары