Алматыда түрлі-түсті металды қайта өңдеу цехынан өрт шықты. Алматы қалалық ТЖД хабарлауынша, бүгін таңғы сағат 06:59 - да өрт сөндіру бөліміне Әуезов ауданының тұрғынынан Райымбек даңғылы, 348 мекен-жайында өрт шыққаны туралы ақпарат түсті.
«Оқиға орнына 6 минутта келген өрт сөндіру бригадасы түрлі-түсті металды қайта өңдеу цехында электр трансформаторының жанып жатқанын анықтады. Қызыл жалын цех төбесіне таралып үлгерген. Алдын-ала ақпарат бойынша өрт 150 шаршы метр жерді шарпыған»,- деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметі.
Ведомство мәліметінше өрт 08:57- де оқшауланды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Бұған дейін аталған ауданда бояу өнімдері тұрған гараж өртенген болатын.