$ 494.87  520.65  4.91

Аягөз тұрғыны көшеде танысын пышақтап кеткен

Жәбірленушінің 33 жастағы танысы жанжал кезінде ас үй пышағымен дене жарақатын салғаны белгілі болды.

Аягөз аудандық ауруханасы 32 жастағы қала тұрғыны «алдыңғы іш қабырғасын шаншып-кесу жарақаты» диагнозымен жедел түскен.

Полициялар тексеріс жүргізіп, іс барысында сол күні таңертең көшелердің бойында жәбірленушінің 33 жастағы танысы жанжал кезінде ас үй пышағымен дене жарақатын салғаны белгілі болды.

Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Жауап алу кезінде қаскүнем өз кінәсін мойындады. Ұсталған азамат қамауға алынды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 106-бабы 1-бөлігі-денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясымен 3 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген, деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Аягөз