Аягөз аудандық ауруханасы 32 жастағы қала тұрғыны «алдыңғы іш қабырғасын шаншып-кесу жарақаты» диагнозымен жедел түскен.
Полициялар тексеріс жүргізіп, іс барысында сол күні таңертең көшелердің бойында жәбірленушінің 33 жастағы танысы жанжал кезінде ас үй пышағымен дене жарақатын салғаны белгілі болды.
– Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Жауап алу кезінде қаскүнем өз кінәсін мойындады. Ұсталған азамат қамауға алынды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 106-бабы 1-бөлігі-денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясымен 3 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген, – деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.