$ 443.85  474.3  4.8

Кей өңірлерде жүлделі орынға бір қап қант ойнатыла бастады (ВИДЕО)

Бір тойда бас жүлдеге 25 келі қант қойылған.

Елімізде қат болып кеткен қантты сыйлыққа қойғандар әлеуметтік желіде жұртты күлдірді. 25 келілік қантты олар ойын ойнату арқылы той қонақтарына берген, деп хабарлайды Экспресс К.

Тойдың бейнежазбасы Youtube әлеуметтік желісінде пайда болды. Онда асаба той қонақтарына ойын ұйымдастырып жатыр. Жүлдеге 25 келі қант қойылған.

Ерекше сыйлықты жиналған жұрттың ішінен бір келіншек ұтып алады. Әзіл болса да, елімізде қат болып кеткен қанттың мәселесі осыдан-ақ өзекті болып тұрғанын аңғару қиын емес. Тойдың еліміздің қай өңірінде өткені әзірге белгісіз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#жүлде #қант