$ 447.4  477.55  4.76

Ауыл тұрғындары әкімдерін айдалада удай мас болып жатқан жерінен тауып алды

Облыс әкімдігі аталған жағдайға қатысы қызметтік тексеріс жүргізілетінін айтты.

Алматы облысында «мас күйінде» иен далада қалған ауыл әкімін тұрындар тауып алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

Тілі күрмеліп, әзер сөйлеп тұрған адам Райымбек ауданына қарасты Жамбыл ауылдық округінің әкімі Роман Қойлыбаев болып шықты. Ол көлік жүргізуге шамасы келмей, далада қалып қойған сыңайлы.

Тас қараңғыда қалған адамды тауып алған тұрғындарға әкім «зарядкасының өліп қалғанын» айтып, көмек сұраған.

Облыс әкімдігі аталған жағдайға қатысы қызметтік тексерістің жүргізілетінін айтты.

Ал ауыл әкімі Қойлыбаевтың өзі келеңсіз қылығын түсіндіріп бере алмады.

Роман Бекзадаұлы Жамбыл ауылдық округін 2018 жылдан бері басқарып келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары