$ 498.34  519.72  4.85

«Биліктің уәдесінен шаршадық»: Солтүстікте ауыл тұрғындары жолды өз күшімен жөндеп жатыр

Ауыл тұрғындары ұсақ қиыршық тас, цемент сатып алып жолды өздері жамауға кірісті.

Уәлиханов ауданы Бидайық ауылында Целинная көшесінің тұрғындары уәде етілген жол жөндеу жұмыстарын күтпестен өз күштерімен жұмысқа кірісіп кетті, деп жазады Ulysmedia.kz.

Ауыл тұрғындары ұсақ қиыршық тас, цемент сатып алып, жамауға кірісті. Бидайық көшелері КСРО кезінен бері жөндеу көрмеген. Бүгін де ол жол емес, айналып өтуге болмайтын шұңқырларға айналып кеткен.

Бидайықтағы жолдарды жөндеудің жобалық-сметалық құжаттары әлдеқашан дайын. Аудан басшылығы мен ауылдық округ әкімдігі жөндеу жұмыстары басталғалы жатыр деп уәде бергенімен, жағдай өзгермеген.

Бидайық көшелерін жөндеуге 336 миллион теңге бөлінген. Орташа жөндеу жұмыстары Воронежская, Гагарин, Жапарова, Целинная, Карла Маркс, Мирная, Одесская және Полтавская көшелеріне жоспарланған. Алайда, әзірге жарияланған тендерлердің ешқайсысы өтпеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары