"Арселор Миттал Теміртау" компаниясына қарасты барлық шахтаның жұмысы бір тәулікке тоқтатылды. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеді.
"Қазіргі кезде "Арселор Миттал Теміртау" АҚ-ға қарасты барлық шахтаның жұмысы тоқтатылды. Бір тәуліктің ішінде қосымша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, учаскелер тексеріледі. Сондай-ақ шахтаға түсетін жұмысшылардан сынақ қабылданады", - деді Ильин өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Министрдің айтуынша, апат болған Ленин атындағы шахта әзірше ашылмайды. Оған сараптамалық комиссия мүшелері түседі. Бұдан бөлек, апат салдарын жою шаралары жүргізіледі.
sputnik.kz