Әлеумет 11.12.2022 сағат 14:41

Қостанайда жаңадан салынған үйлердің ішін мұз басып жатыр

Жаңадан салынған үйлер жақында иелеріне берілуі керек болған.
Қостанайда жаңадан салынған үйлердің ішін мұз басып жатыр
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қостанайдағы Қонай ықшамауданындағы әлі тапсырылмаған пәтерлерді мұз басқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz

Желіде Қостанайдың Қонай шағын ауданындағы жаңа салынған, бірақ пайдалануға берілмеген пәтердің суреттері тарап кетті. Онда бөлменің қақ ортасында еденнен төбеге дейін мұз қатып тұр.

"Бұл - Қонай ыұшамауданындағы №1, 2 және 3 үйлердің салынып біткенін көптен күтіп жүрген "Отбасы банкі" салымшыларының жанайқайы. Пәтерлердің жағдайы жаман. Үйлеріміз 2021 жылы пайдалануға берілуі керек еді. Бірақ кілттерімізді әлі ала алмай отырмыз", - дейді жергілікті тұрғын.

"Қонай шағын ауданындағы 21 орам № 2, 3 үйлерінің құрылысын "Марал Құрылыс" ЖШС мердігер ұйымы салып жатыр. Қазан айында бұл ұйыммен шарт бұзылды, себебі олар өз міндеттерін орындамады, мемлекеттік сатып алуда жауапсыз қатысушы деп танылды. Жасалған шартқа сәйкес, құрылысты аяқтау үшін жаңа мердігер ұйымды анықтау кезеңінде үйді "Нұр Сақшы" күзет фирмасы күзетіп жатыр. Үйді тексеру кезінде жылу тек жертөледе қосылғаны анықталды. Жылыту жүйесіндегі Маевск кранынан су аққан", - деді әкімдіктен.

Әкімдік қалалық құрылыс бөлімі 13 желтоқсанда осы жұмыстарды аяқтайтынын айтты.

"Осы оқиға туралы уақтылы хабарламаған күзет ұйымына тиісті хат жолданды. Қазіргі уақытта аталған үйлердің құрылысы бойынша жұмыстарды аяқтауға мемлекеттік сатып алу жарияланды, мердігер ұйым анықталғаннан кейін тұрғындарды қоныстандырғанға дейінгі барлық ақаулар жойылады", - деп атап өтті қалалық әкімдік.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар