Әлеумет 05.12.2022 сағат 12:40

Көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы өседі

"Алтын алқа", "Күміс алқамен" наградталған аналар деген жаңа статуспен қарастырылады.
Көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы өседі
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қазақстанда "Алтын алқа" және "Күміс алқамен" наградталған аналар деген жаңа статус енгізіледі. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Мәжілістегі үкімет сағатында министр жаңадан әзірленген Әлеуметтік кодекс жобасын таныстырды. Кодекстегі жаңашылдықтардың бірі отбасын әлеуметтік қолдау жүйесіне қатысты.

"Бала күтіміне байланысты төлемдер мерзімі ұзартылады. Көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы мөлшері көбейтіледі және олар "Алтын алқа", "Күміс алқамен" наградталған аналар деген жаңа статуспен қарастырылады", - деді Дүйсенова үкімет сағатында.

Сонымен қатар, оның айтуынша, президенттің тапсырмасымен 18 жасқа дейінгі балаларға берілетін Ұлттық қордың инвестициялық кірісінен түскен табыстың 50 пайызы көлеміндегі бастапқы капитал отбасыларға қосымша көмек көзі болады.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар