Бүгінгі сөз 22.05.2018 сағат 03:43  1202

«Сырдария көз алдымызда жоғалып барады»: қызылордалық блогер өзен суының көзден ғайып болғанын көрсетті (ВИДЕО)

Қызылордалық танымал YouTube-блогер Герман Дьяченко Сырдария өзенінің көзден ғайып болып бара жатқанын бейнекамераға түсіріп алды.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

"Көз алдымызда өзен құрғап бара жатыр, күннен-күнге", - деп жазды ол.

Блогердің айтуынша, әсіресе соңғы жылы дарияның суы ұшты-күйлі көзден ғайып болған. Бұрындары мұндай апатты көрмегем дейді ол.

"Мүлдем құрғап кетті. Бұрын су мына бір жерге дейін болушы еді. Жағасы адамдар демалатын орын еді. Қазір түк қалмады", - деп күрсінді видео авторы.

Бейнероликке пікір қалдырған желі қолданушылары көктемгі суару науқаны басталғанда Сырдарияның өзені арнасынан жоғалатынын жазады. Десе де, Дьяченко 28 жыл бойы мұндай жағдай болмағанын айтуда.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар