23.11.2023, 16:20

Қазақстандық оқушылар астрономиядан халықаралық олимпиадада жеңімпаз атанды

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Биыл олимпиадаға 14 елдің өкілдері қатысты.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі «OWAO» астрономиядан екінші ашық халықаралық олимпиадасына қазақстандық құрама команда қатысқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Жеңімпаз болғандар: Алтын – Дамир Әленов. Күміс – Ахмаджон Табаров, Бекасыл Елубай, Уәлихан Қылышбек және Заңғар Сүннатов.

«OWAO» ең жас олимпиада болып саналады. Ол әлем бойынша үздік астрономиялық дәстүрлер мен пән мамандарын біріктіреді. Биыл олимпиадаға 14 елдің өкілдері қатысты.

Қазақстан құрамасы олимпиадада дайындығының, білімі мен шеберлігінің жоғары деңгейлерін көрсете білді.