$ 494.87  520.65  4.91

Жоғары оқу орындарына грант бойынша қабылдау ережесі өзгереді

"Денсаулық сақтау" білім беру саласы бойынша – кемінде 70 балл жинау керек. 

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Ғылым және жоғары білім министрлігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы түзетулер дайындады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру грантын беру конкурсына қатысу және (немесе) ақылы оқуға қабылдау үшін қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша түсушілерді қоспағанда, орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар, ҰБТ-дан өткен және оның нәтижесі бойынша:

  • ұлттық ЖЖОКБҰ-ға – кемінде 65 балл, ал "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша – кемінде 75 балл, "Денсаулық сақтау" білім беру саласы бойынша – кемінде 70 балл, "Ауыл шаруашылығы және биоресурстар", "Ветеринария" білім беру салалары бойынша – кемінде 60 балл және "Құқық" даярлау бағыты бойынша – кемінде 75 балл;
  • басқа ЖЖОКБҰ-ға – кемінде 50 балл, ал "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша – кемінде 75 балл, "Денсаулық сақтау" білім беру саласы бойынша – кемінде 70 балл және "Құқық" даярлау бағыты бойынша – кемінде 75 балл жинаған адамдар жіберіледі.

Бұл ретте ҰБТ-ның Қазақстан тарихы және екі бейіндік пәні бойынша және (немесе) шығармашыл емтиханнан кемінде.

2024 жылы ҰБТ-ның «Оқу сауаттылық» мен «Математикалық сауаттылық» пәндерінің тест тапсырмалары бес сұраққа қысқартылуына байланысты (бұл пәндерден алдыңғы жылдары 15 сұрақ және шекті балл 5 балл).

ҰБТ-да "Шет тілі (ағылшын)" бейіндік пәнін немесе арнайы пәнін бірыңғай тапсырған кезде және жоғарыда көрсетілген шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттардың (ағылшын тілі) бірін ұсынған жағдайда, ҰБТ сертификаты үшін ең жақсы нәтижемен шет тілі (ағылшын тілі) бойынша балдар ескеріледі.

Халықаралық норма талаптарын ескере отырып TOEFL PBT (ТОЙФЛ ПИБИТИ) – интернет желісі жоқ елдерде өткізіледі. Осыған орай жоғары білім алушылар құрамына сапалы таңдау жасауды қамтамасыз ету мақсатында TOEFL PBT тесті алынып тасталды.

Қазақ тілін В1-ден (орта) төмен емес деңгейде меңгергенін растайтын ҚАЗТЕСТ сертификаты бар тұлғалар Үлгілік қағидаларға 2-2-қосымшада белгіленген балдарды ауыстыру шкаласына сәйкес қалауы бойынша ҰБТ-да «Қазақ тілі» бейіндік пәнін немесе арнайы пәнін тапсырудан босатылады және білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысады және (немесе) ЖЖОКБҰ-ға ақылы бөлімге қабылданады.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының бітірушілері осы Үлгілік қағидаларға 2-3-қосымшада белгіленген оқудағы нәтижелерін сырттай бағалау балдарын ҰБТ балдарына ауыстыру шәкіліне сәйкес білім беру грантын беру конкурсына қатысады және (немесе) жоғары оқу орындарына ақылы бөлімге қабылданады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары