$ 498.34  519.72  4.85

Енді су саласының студенттері «Болашақ» бағдарламасымен шетелде оқитын болады

Ал қазіргі уақытта су мамандықтары бойынша 2500-ге жуық студент оқиды.

Фото: news.arsu.kz
Фото: news.arsu.kz

«Болашақ» бағдарламасына өзгерістер енгізіліп, оған «Гидрогеология», «Су ресурстары» және Су қауіпсіздігі» секілді су саласының мамандықтары қосылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Нәтижесінде, биылдан бастап қазақстандық студенттер аталған мамандықтар бойынша шетелде білім ала алады.

Бүгінгі таңда Қазақстанда 10 оқу орны су саласының мамандарын даярлайды. 

«Біз үшін су саласы мамандығын тартымды ету маңызды. 2024 жылдың басынан бері су шаруашылығы қызметкерлерінің еңбекақысы орта есеппен 22%-ға өсті. Бұл Су ресурстары және ирригация министрлігі әзірлеген іс-шаралардың арқасында мүмкін болды. Сонымен қатар, отандық су саласының кадрлық әлеуетін арттыру үшін министрлік су шаруашылығы мамандарын қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жоспарлап отыр», – деді Нұржан Нұржігітов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары