$ 494.87  520.65  4.91

Биыл колледждерге бөлінетін грант саны ұлғаяды

Мемлекеттік білім беру тапсырысы техникалық мамандықтар бойынша ұлғаяды: геология, машина жасау, энергетика, IT, металлургия, көлік және т.б.

Фото: freepik.com
Фото: freepik.com

Жаңа оқу жылында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі 60 мың орынға ұлғаяды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Осылайша, мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алушылар саны 145 мыңға жетеді. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі жариялады.


«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін техникалық және кәсіптік білім беру бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы республикалық бюджеттен 60 мың орынға ұлғайтылды. 2025 жылға дейін ТжКБ студенттері мемлекеттік тапсырыспен 100% қамтамасыз етіледі», - дейді техникалық және кәсіптік білім департаментінің бас сарапшысы Дархан Сатанов.


Мемлекеттік білім беру тапсырысы техникалық мамандықтар бойынша ұлғаяды: геология, машина жасау, энергетика, IT, металлургия, көлік және т.б.

Бүгінгі таңда ТжКБ-да мемлекеттік тапсырыспен қамту 80%-ға жетті.

Айта кетейік, жыл сайын кәсіпорындардың өтінімдері бойынша 10 мың талапкер қабылданады. Тапсырыс беруші кәсіпорындар практиканы ұйымдастыру және түлектерді одан әрі жұмысқа орналастыру бойынша міндеттемелер алатын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары