Қоғамдық талқылауға ғылыми-педагогикалық қоғам өкілдері, әдіскерлер, ғалымдар, сондай-ақ оқулықтардың сапасына бей-жай қарамайтын қазақстандықтар қатысуға мүмкіндік алды.
Енді қазақстандықтар мектеп оқулықтарының мазмұнын талқылауға қатысып, ұсыныстар мен ескертулер жасай алады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, биыл ақпанның 12-сінен бастап жаңадан әзірленген оқулықтардың мазмұнына қоғамдық талқылаулар жүргізіліп жатыр.
talkylau.ebmso.edu.kz сайтында оқулықтар мазмұнының сапасы, құрылымы, әдістемелік тәсілдері, баяндау тілі мен безендірілуіне қатысты қоғам мен ғылыми-педагогикалық қауымдастық өкілдері сындарлы пікірлерін білдіре алады. Онда жаңадан әзірленген оқулықтар бар:
Қоғамдық талқылауға ғылыми-педагогикалық қоғам өкілдері, әдіскерлер, ғалымдар, сондай-ақ оқулықтардың сапасына бей-жай қарамайтын қазақстандықтар қатысуға мүмкіндік алды. Ол үшін келесі қадамдарды орындау қажет: веб-порталда тіркелу, оқулықтардың түпнұсқа-макеттерімен танысу және «түсініктеме қосу» тетігі арқылы оқулықтардың мазмұны мен құрылымына қатысты сын-пікірлер, ұсыныстар мен ескертулерді жаза аласыз.