$ 494.87  520.65  4.91

Отандық ғалымдардың жетістігін әлем мойындап жатыр

«Дәл мұндай технология әлем бойынша Англия мен Украинада ғана бар. Алайда ең жоғары сапалысы Қазақстанда ғана» дейді ғалымдар.

Фото: ҚР Ғылым және жоғарым білім министрлігі
Фото: ҚР Ғылым және жоғарым білім министрлігі

Жуырда қазақстандықтар таза судың рахатын көрмек. Себебі Сәтпаев университетінің ғалымдары суды пластик зиянынан залалсыздандыратын құрал ойлап тапты. Ойлап қана қоймай, жасап шығарды. Отандық ғалымдардың бұл жетістігіне Еуропа елдері таңдай қағып, тамсанып мойындады деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Соңғы онжылдықтар қазақстандық ғалымдар халыққа пайдалы құрылғы ойлап табу үшін бір-бірімен жарысып жүрген секілді. Мәселен, жуырда Сәтбаев атындағы ЖОО-ның ғалымдары мен өнертапқыштары халыққа «таза суға қарқ боласыңдар» деп отыр.

Ғалымдардың айтуынша, олар тіршілік көзі саналатын суды пластик зиянынан залалсыздандыратын құралды әзірлеп шығаруға жарты жылға жуық уақыт кетірген. Мамандардың еңбегі еш кетпейді. Маңдай тері ақталды.

Мойындау керек. Бүгінде біз ішетін сусындардың басым бөлігі пластик бөтелкелерге құйылады. Оның зардабы шашетектен. Адам денсаулығына қаншалық зиян екенін отандық және шетелдік ғалымдар талай рет айтып жүр. Ал біздің ғалымдар сол пластиктің суға зиянын жоятын құрылғыны дайындады.

Бұл «Таза су» жобасына ҚР Ғылым және жоғарым білім министрлігі қолдау көрсеткен. 2022 жылы 70 миллион теңге грант бөлінген. Яғни, мемлекет отандық ғылымның дамуына қолдау көрсетті деген сөз.

«Дәл мұндай технология әлем бойынша Англия мен Украинада ғана бар. Алайда ең жоғары сапалысы Қазақстанда ғана» дейді ғалымдар.

Фото: видеодағы кадрдан алынды

«Олардың кемшіліктері белгілі бір ыдыстағы оқшауланған суды залалсыздандыруға болатын. Ол құрылғыларда суды оқшаулау үшін «клетка фарадея» орнату керек болатын. Ал біздегі құрылғы қауіпсіз. Ағымды жүйеле суды тазалауға мүмкіндік береді», - деді Қ.И.Сәтбаев университеті инженерлік бейіндік зертхана қызметкері Ұлан Жантекеев.

Еске салсақ, 2023 жылдың 11 қыркүйегінде бұл университеттің ғалымдары су тазалаудың тиімді және қолжетімді жүйесін ойлап тапқан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары