Жалпы, құрылғы шетелдік нұсқаларға қарағанда өте арзан, қолжетімді және диагнозды «дөп басады».
Мемлекет басшысыынң айтуынша, бүгінде елімізде 22 мыңнан астам ғалым бар. Сол ғалымдар отандық ғылымның түрлі саласында жемісті еңбек етіп келеді. Олар еліміздің бәсекеге қабілетті болуын арттыратын ғылым саласында небір тың жаңалықтарды ойлап тауып жүр. Мәселен, таяуда өскемендік ғалымдар тыңнан түрен салып, 150 дертті жылдам әрі нақты анықтауға болатын аппаратты ойлап шығарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұдан былай балтыры қыздап, басы ауырған, дерті жанына батқан адамдар медициналық анализ нәтижесіне анағұрлым жедел қол жеткізуі мүмкін. Мысалы, осы құрал қан құрамынан бар болғаны 14 минут ішінде 150 ауру түрін анықтауға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, тіпті, химик мамандар мүмкіндігі кең диагностикалық техниканы мемлекеттік емханаларға тегін орнату ісін қолға алуды жоспарлап қойған.
Жалпы, құрылғы шетелдік нұсқаларға қарағанда өте арзан, қолжетімді және диагнозды «дөп басады».
Отандық ғалымдардың көзмайын тауыса жүріп зерттеп, ойлап тапқан туындысын дәрігерлер де жоғары бағалады.
Фото: видеодағы кадрдан алынды
«Шетелдерден әкелген аппарат сынып қалса, оны жөндеу үшін біз арнайы маман шақыруымызға тура келеді. Ал оны жөндеу біраз уақыт алады. Енді жергілікті ғалымдарымыздың жаңа туындысы біз үшін өте тиімді болмақ. Кез келген сәтте істемей қалса, қалса, мамандар қасымыздан табылады. Маман іздеп, шарқ ұрып әуре болмаймыз. Бұл құралды барлық медициналық мекемелерге қойылса жақсы болатын еді», - деді медициналық орталықтың бас дәрігері Рая Рахимова.