$ 494.87  520.65  4.91

Су тасқыны: 80 білім беру ұйымы онлайн форматқа көшті

Оның ішінде 55 мектеп эвакуациялық пункт болып айқындалған. Бұл мектептердегі бала саны – 7255.

Фото: naked-science.ru
Фото: naked-science.ru

Оқу-ағарту министрлігінің ақпаратына сәйкес, бүгінде 80 білім беру ұйымдарында оқу онлайн форматында жүргізілуде, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның ішінде 55 мектеп эвакуациялық пункт болып айқындалған. Бұл мектептердегі бала саны – 7255.

Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы хабарлады.

Балаларға және зардап шеккендерге психологиялық көмек көрсету мақсатында жергілікті жерлерде 300-ден астам мектеп психологтары жұмыс жасауда. Бала құқықтары жөніндегі уәкілдердің белсенді араласуы ұйымдастырылды. Зардап шеккен елді мекен балалары оқу құралдарымен, онлайн оқыту үшін қажетті техникалық құралдармен қамтамасыз етілді.

«Интернет жылдамдығы нашар ауылдық мектептерді Starlink жүйесіне қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ министрдің тапсырмасы бойынша 6 сәуірден бастап 11 балаларды сауықтыру орталықтарына зардап шеккен өңірлерден балаларды қабылдау басталды. Мұнда оқу процесі қатар ұйымдастырылады. Балаларды қабылдаудың алғашқы күнінде Ақмола облысындағы «Жасдәурен» балаларды сауықтыру орталығы 80-нен астам баланы қабылдады»,-деді спикер.

Балаларды сауықтыру орталықтарына ұйымдасқан түрде тасымалдау мақсатында қауіпсіздік бойынша және ведомствоаралық іс-қимыл алгоритмі әзірленді. Бүгінгі таңда 20 мыңнан астам білім саласының қызметкерлері волонтерлер қатарында су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысуда, оның ішінде 10 мыңнан астамы эвакуациялық пункттерде жұмыс жасауда. Осы орайда ведомство ұстаздар мен барлық білім беру қызметкерлеріне алғыс білдіреді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары