Тіпті оның құрылымын 3D-принтерлерде басып шығарып, егжей-тегжейлі зерттеген. Нәтижесінде университет ғалымдары өз туындыларын студенттердің көзінше тексеріп көрді.
Отандық ғылымның дамуында университет ғалымдарының еңбегі теңдессіз. Ғылыми ортада жүрген ғалымдардың бірі телескоп әзірлеп шығарса, бірі пластиктің орнын алмастыратын зат, енді бірі күкірт мөлшерін төмендетететін ерекше көмір ойлап шығарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарлауынша, жыл сайын отандық ғалымдарды қолдау мақсатында мемлекет тарапынан жағдай жасалып келеді. Сол қолдаулардың арқасында жас ғалымдар ізденіп, жетістікке жетіп, еңбегін нәтижесін көрсетуде. Мәселен, жуырда Ясауи университетінің ғалымдары 3D-принтерлер және тағы басқа заттарды қолдана отырып, телескоп дайындап шығарды.
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі
Жағымды жобаның басы-қасында жетекші болып Физика кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD Шерзод Раманкулов, PhD Бақытжан Курбанбеков, магистр оқытушылар Серік Полатұлы, Нұрқожа Жақсылық, докторант Қажымұқан Келесбаев, магистрант Яхё Каримжанов жүрді.
Жоба жетекшілерінің айтуынша, телескоп «Инженерлік-техникалық салаларда STEAM білім беру негізінде студенттерді ағылшын тілінде даярлау үдерісін дамыту» гранттық жоба аясында дайын болып шықты.
Құрылғыны дайындау, іске қосу барысында зерттеушілер телескоптың жұмыс істеу принципі мен құрылысына сәйкес бөлшектері толық зерттеген. Тіпті оның құрылымын 3D-принтерлерде басып шығарып, егжей-тегжейлі зерттеген. Нәтижесінде университет ғалымдары өз туындыларын студенттердің көзінше тексеріп көрді. Сол кезде ғалымдар жасаған телескоп арқылы айдың анық кескіні мен айдың жер бетіндегі адамдарға көрінетін бөлігіндегі қара дақтар суретке түсірілді.
Бұдан бөлек, Сәтбаев атындағы универсиеттің ғалымдары пластиктің орнынан ыдырайтын қаптама материал ойлап тапты. Ғалымдардың сөзінше, бұл жаңа материал тамақты ұзақ уақыт бойы сақтау үшін өте пайдалы. Сонымен қатар, рН-сезімталды сенсор арқылы тағамдардың сапасын бақылауға, биологиялық ыдырайтын заттар құрамының бұзылып кетпеуіне әсер етеді. Бұл өзі арзан, өзі жеңіл қаптама материалды болашақта тағам өнімдерінің сақтау мерзімін ұзарту үшін қолдануға әбден болады.
Фотоколлаж: Sn.kz
«Біздің ғалымдар пластикті алмастыратын қаптаманы ойлап табу үшін көп ізденді, оқыды. Әркім өзінің білетінін ортаға салды. Нақты іске келгенде ғалымдар қаптаманың рН-сезімталдығын арттыру үшін ғалымдар қызыл қырыққабат пен гибискустың өсімдік сығындыларынан алынған антоцианин пигментін қолданды. Ал бұл пигмент қаптаманың түс анықтығын, тағамдардың бұзылған немесе бұзылмағанын анықтау кезінде керемет көмекші құрал болмақ», – деді Сәтбаев Университетінің профессоры Сана Қабдрахманова.
Айта кетейік, пластик ыдыстың орнына балама ойлап шығару кезінде ғалымдар шикізат көзі ретінде күнбағыс, соя және күріш қауызы, шикі мақта, сонымен қатар модификацияланған крахмал мен целлюлоза да қолданған.
Отандық ғалымдардың жетістігі мұнымен бітпейді. Өйткені қазақстандық ғалымдар таңғалдырудан жалықпайды. Мысалы, таяуда ҚазҰУ ғалымдары күкірттің мөлшерін азайтуға керемет мүмкіндік беретін «брикетті көмір» әзірлеген.
Еліміздегің маңдайалды университеттің ғалымдары ең төменді соррты көмірге бактерияларды қосты. Ақырында брикетті көмірді дайындап шығарды. Осы зерттеу жұмысы бойынша еңбектенген ғалымдардың сөзінше, бұл көмірдің пайдасы шашетектен. Нақты айтар болсақ, бұл әдіс көмірден шығатын зиянды күкірттің мөлшерін төмендетуге қабілетті.
Фото: видеодағы кадрдан алынды
«Біздің елде өндірілетін 100 пайыз көмірдің 70 пайызы төменгі сұрыпты. Сәйкесінше, төменгі сұрыпты көмірдің сапасы нашар. Ал ол көмірден пайдалы өнім алу қиынға соғады. Біз инновациялық жоба аясында зерттеу жүргіздік. Нәтижесінде көмір құрамында зиянды күкірттің мөлшері көп болатынына көзіміз жетті. Бүгінде төменгі сортты көмірге күкірт мөлшерін азайтатын бактерияларды қосып, процесс арқылы брикетті көмір әзірлеп отырмыз. Өздеріңіз білетіндей, біздің елде кқптеген елдімекенде табиғи газ толық бармаған. Сондықтан шалғай ауылдардың тұрғындары қыстың қара суығында «үйімізді жылытамыз» деп сапасы нашар, төменгі сортты көмірді жаңады. Салдарыан көмірден шыққан түтінге кейбір кісілер тұншығып, тіпті, бүтін бір отбасы мүшелері көз жұмып жатады. Бұл туралы жаңалықтардан талай рет естіп жүрміз. Міне, біз әзірлеген брикетті көмір, сол көмірден шыққан улы газдың мөлшерін азайту, адамдардың уланудан сақтау үшін өте тиімді. Әу бастағы көздегеніміз – төменгі сұрыпты көмірдің сапасын жақсарту, көмірдің жану барысында бөлінетін түтіннің мөлшерін азайту болды. Біз мақсатымызға жеттік», – деді ҚазҰУ-дағы Қазақ-Неміс-Қытай халықаралық қолданбалы микробиология ғылыми зертханасының ғылыми қызметкері Дамир Асанұлы.
Айта кетейік, атылмыш ЖОО-ның зерттеушілері ғылымыи жобасы үшін арнайы патент алып үлгерген. Алдағы уақытта бұл өнімді нарыққа шығарып, халықтың игілігіне жаратуды жоспарлап отыр.