Ал педагог білімін бақылау қағидаларын бұзғандар бұрынғыдай бес емес, бір жыл мерзімде аттестаттаудан өтуге жіберілмейді.
Тасқын су салдарынан баспанасыз қалған педагогтер үшін аттестаттау келесі жылға ауыстырылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оқу-ағарту министрлігінің мәлімдеуінше, төтенше жағдай жарияланған өңірлердегі педагогтердің білімін бағалау министрлік белгілеген жекелеген мерзімде өтеді.
Жалпы биыл аттестациялауға қатысты жаңа ережелер бекітілген болатын. Мысалы, биылдан бастап 30 жылдан астам педагогикалық өтілі бар мұғалімдер білімін бағалаудан босатылады. Бұдан бөлек "педагог-тағылымдамашы", "педагог" санаттары алынып тасталды. Ал педагог білімін бақылау қағидаларын бұзғандар бұрынғыдай бес емес, бір жыл мерзімде аттестаттаудан өтуге жіберілмейді.