$ 494.87  520.65  4.91

Отандық ғалымдар ойлап тапқан сүзгінің пайдасы шашетектен

Бүгінгі таңда аталмыш университеттің ғалымдары суды түрлі тұздардан, пестицидтерден, мұнай өнімдерінен, глюкозадан және ауыр металл иондарынан тазарту мақсатында Қазақстанда өндірілетін трек мембраналарын модификациялау әдістерін егжей-тегжейлі зерттеуге білек сыбана кіріскен.

Фото: ЕҰУ сайты
Фото: ЕҰУ сайты

Жасыратыны жоқ, ғылым, өнеркәсіп салалалары дамыған сайын таза су мен майды ажырату, судан радиоактивті заттарды анықтаудың өзі проблемаға айналып барады. Тіпті күнделік тұтынып жүрген судың құрамынан түрлі зиянды заттар мен тұздар табылып жатады. Әлем ғалымдары таза судың болашақта алтынның құнындай болатынын айтып, дабыл қағуда. Қазірдің өзінде таза су тауып, қажетіңе жаратудың өзі үлкен ізденіс пен еңбекті, ұзақ уақыт бойы зерттеуді қажет етеді. Мұны ғалымдар жасқы білетін. Сондықтан судың тазалығын тексеру, ондағы зияндылығы жоғары заттарды анықтау үшін отандық ғалымдар ізденіс кемесіне мініп, зерттеудің даңғыл жолына түскелі біршама уақыт өтті. Бүгінде қазақстандық ғалымдар шетінен түрлі ғылыми жобаларын қорғап, патент алып, ойлап тапқан құралдарын өндіріске енгізіп те үлгеруде. Мысалы, жуырда еліміздің ғалымдары әмбебап сүзгі жасап шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ғалымдар әзірлеген сүзгінің ерекшелігі мынада: жаңа сүзгінің кереметтілігі суды тұздан тазартып қоюында ғана емес. Бұған қоса, мұнай және рдиоактивті қалдықтар тәрізді әртүрлі майлы сұйықтықтан да тазартуға мүмкіндік береді. Демек, жаңа сүзгінің Қазақстан қоғамына пайдасы мол болмақ.

Теңдессіз сүзгіні Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің (ЕҰУ) Инженерлік бағыттағы зертхана қызметкерлері дайындап шығарған. Бастапқыда ғалымдар суды тазартатын және зиянды заттарды анықтайтын мембраналарды модификациялау әдістерін әзірлеген екен. Кейін тағы да іздене келе, сол арқылы сүзгі дайындаған.

Бүгінгі таңда аталмыш университеттің ғалымдары суды түрлі тұздардан, пестицидтерден, мұнай өнімдерінен, глюкозадан және ауыр металл иондарынан тазарту мақсатында Қазақстанда өндірілетін трек мембраналарын модификациялау әдістерін егжей-тегжейлі зерттеуге білек сыбана кіріскен.

Ғалымдар қазіргі кезде сүзгілердің ерекшелігін ескере отырып, ЕҰУ зертханасында әзірленген трек мембраналарды қолданады. Оған қоса, зерттеуші әрі өнертапқыш ғалымдар жұқа полимерлі пленкалардан жасалған ауыр ион үдеткішін жұмыс барысында тиімді пайдаланып жүр.

Олардың ғылыми зерттеу жұмысының нәтижесінде сүзгілер суды тек тұздан тазартып қоймайды. Сонымен қатар, мұнай және радиоактивті қалдық заттарын майлы сұйықтықтан тазартып алу процесінде өте тиімді.

«Біз әзірлеген сүзгілердің ерекшелігі неде деп ойларсыздар? Түсіндіріп айтайын, сүзгілеріміз – әмбебап. Оны қарапайым сүзгілеуден бөлек, радиоактивті сұйық қалдықтардың мембраналық дистилляциясы кезінде пайдалануға мүмкіндік бар. Біз сізгіні құрастыратын кезде әуелден қарапайым және қолжетімді әдіспен өзгерту амалын қарастырдық. Мысал келтіретін болсам, алдымен суды тұзсыз қылу үшін мембраналық дистилляцияда, қорғасын, кадмий және глюкоза иондарын анықтауға арналған электрхимиялық датчиктер ретінде қолданылатын сумай эмульсияларын бөлуге қабілетті жақсартылған сипаттамалары бар мембраналарды алдық», – деді жоба бойынша жауапты орындаушы Илья Корольков.

Оның айтуынша, алымдар осыған дейін суды тазартуға және оны ішуге қауіпсіз етуге мүмкіндік беретін сүзгі құрастырып шығарған. Дегенмен, бұл суды микроағзалар мен бактериялардан ғана тазартты, ал тұздардан, вирустардан, хлордан, темірден тазартуға тиімсіз еді.

Мембраналық дистилляциямен айналысатын ЕҰУ ғалымы Арман Есжановтың сөзінше, ол трек мембранасының өнімділігін және тазалау дәрежесін арттыруға мүмкіндік беретін гидрофобты мембраналарды шығару әдістерін дайындады.

«Бірер сағатта бастапқы пленканың диаметріне қатысты бірнеше литрге дейін таза су аламыз. Тазарту деңгейі 98–99 пайызды көрсетіп отыр. Келешекте осы нәтижелерді алдымен ғылыми басылым беттерінде жариялап, артынша қолданысқа енгізуді жоспарлауды ойластырды. Бүгінде біздің ғалымдардың еңбегінің нәтижесінде дайын болған сүзгінің қолдану аясы кең болмақ», – деді ғалым.

Бұл ретте, ЕҰУ ғалымдары бақыланатын гидрофильді және гидрофобты қасиеттерді қалыптастыру және химиялық белсенділікті арттыру үшін трек мембраналарының бетін модификациялау әдістерін жасауға барлық күш-жігерін салуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары