$ 443.44  480.51  4.88

ҰБТ -2024: Өтініш қабылдау басталды

ҰБТ 16 мамыр – 5 шілде аралығында өтеді.

Фото: архив
Фото: архив

Негізгі ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініш 6-14 мамыр аралығында қабылданады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ҰБТ 16 мамыр – 5 шілде аралығында өтеді.

Төтенше жағдай режимі жарияланған 6 өңірде, яғни Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары тіркелу уақыты ұзартылады және 6-20 мамыр аралығында, ҰБТ 25 мамыр мен 12 шілде аралығында өткізіледі, - деп хабарлады Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.

ЖОО-ға түсу үшін ең төменгі шекті балл:

«Құқық» және «Педагогикалық ғылымдар» білім салалары үшін кемінде 75 балл;

«Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» кемінде 70 балл;

«Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» кемінде 60 балл ;

Ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін кемінде 65 балл;

Басқа жоғары оқу орындарына кемінде 50 балл жинау керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары