Биыл 186 мың түлек орта мектепті тәмамдайды.
Бүгін елімізде негізгі ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ-2024) басталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Биыл 186 мың түлек орта мектепті тәмамдайды. Былтырмен салыстырғанда түлектер саны 9 мың адамға көп.
Былтыр республика бойынша 88 мың грант берілсе, биыл 93 мың грант бөлінеді.
Су тасқынынан зардап шеккен аймақтардағы оқушылар үшін жалпы гранттың 20 пайызы тағайындалады. Бұл туралы министр Саясат Нұрбек мәлімдеді.