Имплант компьютерге Bluetooth арқылы қосылады. Нол чипті ұзағырақ пайдаланады, кейде таңғы 07:00-ден кешкі 23:00-ге дейін қолданады.
Илон Масктың Neuralink чипі сал ауруына шалдыққан Ноланд Арбоның өмірін жақсартқан. Енді ол достарымен сөйлесіп, твиттерде хат жаза алады. Видео ойындар ойнап, жапон тілін үйреніп және қонақүй бөлмелерін брондай алатындай жағдайға жеткен, деп Skifnews.kz ақпарат порталы Kursiv.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Ноланд Арбау 2016 жылы оқыс оқиға салдарынан сал болып қалған. Қазір ол 29 жаста, ол Илон Масктың Neuralink чипін имплантациялауды ұйғарған алғашқы адам. Наурызда ол өзінің ақыл-ойын X (Twitter) сайтында "Ноланд осында болды" деген сөздермен твиттер жариялау үшін пайдалана алды.
Имплант компьютерге Bluetooth арқылы қосылады. Ноланд құрылғыны күніне төрт сағаттан сегіз сағатқа дейін зерттеу үшін техниктермен жұмыс істейді. Бірақ шын мәнінде ол чипті ұзағырақ пайдаланады, кейде таңғы 07:00-ден кешкі 23:00-ге дейін қолданады.
«Мұның тым ұзақ уақыт екенін білемін. Алайда мен үшін қызық болғандықтан, ыңғайсыздықтар сезінбеймін. Бұл маған әлеммен, достарыммен және жақын адамдарыммен байланысуға мүмкіндік береді. Бұл маған жақсырақ жазуға және адамдармен, мысалы, әлеуметтік желілерде араласуға көмектесті. Twitter-де адамдармен сөйлестім, Instagram-ға кіріп, хаттарға жауап бердім. Видео ойындар ойнап, комикстерді оқыдым. Жапон тілін үйренетін веб-сайтқа кірдім. Мен оны Neuralink штаб-пәтеріне барғанымда қонақүйді брондау үшін де қолдандым», – деді ол.