05.02.2025, 21:30

Қазақ қызы IELTS емтиханынан ең көп баға алып, әлемдік рекордты жаңартты (ВИДЕО)

Фото: instagram.com/saya.kidirali

Сая Қыдырәлі - Қазақстаннан IELTS емтиханынан максималды 9.0 деген баға алған жалғыз адам және әлемдегі ең жас IELTS-сарапшы.

17 жастағы Сая Қыдырәлі ағылшын тілі бойынша халықаралық IELTS емтиханынан ең жоғары 9.0 ұпай жинап, әлемдік рекорд жаңартты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстандық Сая Қыдырәлі инстаграм-парақшасында қуанышты жаңалығын және алғашқы эмоциясын бөлісті.

Сая Қыдырәлі - Қазақстаннан IELTS емтиханынан максималды 9.0 деген баға алған жалғыз адам және әлемдегі ең жас IELTS-сарапшы.

Сая Қыдырәлі 6 жасынан бастап ағылшын тілін үйренген, ал 9 жасында сабақ бере бастаған. Ол 16 жасында IELTS емтиханынан 8.5/9.0 деген баға алып, IDP IELTS және Британ кеңесінің ресми серіктесі атанды.