Екі колледждің әрқайсысы 1,5 мың студентке арналған, деп хабарлайды 24.kz.
Бүгінде елімізде жалпы саны 849 колледж бар. Мақсат – техникалық мамандық саласындағы жүйені жетілдіріп, біліктілікті арттыру. Арнайы кеңесте бас қосқандар халықаралық тәжірибеге сүйене отыра, сұранысқа ие мамандықтарға басымдық бермек. Тіпті, колледждер арасында рейтингілік жүйе енгізіп, қаражатты да қарымына қарай бөлуді жөн көріп отыр. Коммерциялық емес ұйым мүшелері өңірлердегі әр ұстаздың ойын-пікірлерін тыңдап, тың бастамаларын іске асыруға дайын екендіктерін жеткізді.
– Келесі жылы бүкіл әлемдік деңгейдегі колледж ашылмақ. Оның өте көп пайдасы болады деп ойлаймын. Бұл колледждердің ерекшелігі өте көп. Ең алғашқы, материалдық базасы мықты болады. Үкімет тарапынан мол қаражат бөлінбек. Балалардың білімі жоғары болады, – дейді Алматы қаласы энерго колледжінің директоры Төлеуғали Тайтулеев.