$ 494.87  520.65  4.91

ҚазҰУ Оңтүстік Корея университетімен бірге телемедицина жүйесін қолға алды

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оңтүстіккореялық әріптестерімен телемедицинаны дамытуда, деп хабарлайды Baq.kz.

ҚазҰУ Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Ёнсе университетінің «Кангнам Северанс» клиникасы бірлесе отырып, қазақстандық жоғары оқу орнында алғаш рет жаңа оқу жылынан бастап жұмыс істейтін диагностикалық орталықтың маңызды құрамдас бөлігі – «U-Health» телемедицина жүйесін онлайн сынақтан өткізді. 

«U-Health» телемедицина жүйесі емделушіні диагностикадан өткізіп, оның мәліметтерін телекоммуникациялық жабдықтар арқылы «Кангнам Северанс» клиникасының мамандарына жіберіп, онлайн тәртібінде кеңес алуға мүмкіндік береді.

«Кангнам Северанс» клиникасының бас директоры профессор Ким Хенг Джунның айтуынша, «U-Health» жүйесін енгізу және диагностикалық орталықты ашу әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дағы медицина-биологиялық кластерін құру жобасының алғашқы қадамы болып табылады. Бүгінгі күнде орталықтың екі маманы «Кангнам Северанс» клиникасында арнайы бағдарлама бойынша оқудан сәтті өтті.

Медицина-биологиялық кластер жобасы 500 орынға арналған заманауи клиниканы, ғылыми-зерттеу зертханасын, сондай-ақ, барлық қажетті инфрақұрылымды қамтиды.
Аталмыш диагностикалық орталық кампус аймағындағы жаңадан ашылған «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығында орналасады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары