$ 507.07  572.53  6.37

ҰБТ-дан 140 балл жинаған түлек сыйлыққа айфон, ноутбук, теледидар және пәтер алды

Тұрғын үй сол жас түлек оқуға түсетін қалаға қарай рәсімделеді. 

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Түркістан облысында ҰБТ-дан 140 балл жинаған түлек сыйлыққа айфон, ноутбук, теледидар және пәтер алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ҰБТ-дан 140 балл алған Түркістандық Жәнібек Әбілханға пәтер сертификаты табысталды.

"Тұрғын үй сол жас түлек оқуға түсетін қалаға қарай рәсімделеді. Егер ол Астанада білім алуды таңдаса, пәтер елордадан беріледі. Ал егер Алматыны таңдаса, пәтер Алматыдан болады", – деді ұйымдастырушылар.

Сонымен қатар, жоғары көрсеткіш көрсеткені үшін Жәнібекке білім саласы өкілдері құнды сыйлықтар тарту етті. Мектеп директоры түлекке iPhone, аудандық білім бөлімінің басшысы ноутбук, ал аудан әкімі теледидар сыйлады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары