$ 518.37  609.97  6.6

ҰБТ-дан 140 балл алған оқушы қыз сыйлыққа көлік алды

Жанайым аталған білім беру орталығында бір жылдан аса дайындалған.

Фото: Білім беру орталығы
Фото: Білім беру орталығы

ҰБТ-дан шекті 140 балл жинаған Астанадағы республикалық "Зерделі" білім беру орталығының оқушысы Жанайым Рашид темір тұлпар иеленді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жанайым аталған білім беру орталығында бір жылдан аса дайындалған. Орталық басшысы, педагог Ырысбек Мәуіт ҰБТ-да ең жоғары нәтижеге қол жеткізген Жанайымға сый ретінде Zeekr маркалы заманауи электрлі көлігін сыйлады.

Жанайымның жетістігі білімге деген құштарлық пен табандылықтың үлгісі. Ол өз мақсатына шын ниетпен ұмтылды, нәтижесі де соған сай болды. Бұл автокөлік оның еңбегі. Сонымен қатар, еліміздегі барлық оқушыға шабыт сыйлайды деп ойлаймын,- деді білім беру орталығының негізін қалаушы Ырысбек Мәуіт.

Орталық соңғы жылдары ҰБТ, олимпиадалар және басқа да ұлттық деңгейдегі сынақтарға дайындайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары