$ 543.24  619.89  6.78

Асхат Аймағамбетов қазақ еліне қуанышты хабарын айтты

Қазақстан құрамасы жарысты 100% нәтижемен аяқтап, команданың барлық төрт мүшесі де қола медаль жеңіп алды.

© Sputnik / Санат Имангалиев
© Sputnik / Санат Имангалиев

Қазақстандық оқушылар биология пәнінен өткен халықаралық олимпиадада тамаша нәтижеге қол жеткізді. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов өзінің әлеуметтік желідегі парағында сүйіншіледі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Филиппинде өткен International Biology Olympiad (IBO-2025) – мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылатын ең беделді зияткерлік жарыстардың бірі. Биылғы байқауға әлемнің 80 елінен 320-дан астам дарынды оқушы қатысқан.

Қазақстан құрамасы жарысты 100% нәтижемен аяқтап, команданың барлық төрт мүшесі де қола медаль жеңіп алды:

Ерсултан Қайыркен – Павлодар қаласындағы "Білім-инновация" лицейінің 10-сынып оқушысы

Батыр Ержанұлы – Өскемен қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы

Айғаным Балташева – Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы

Алихан Ашырханов – Алматы қаласындағы "Білім-инновация" лицейінің 8-сынып оқушысы

Жас биологтарды жарысқа Ләйлә Асқарова мен Ильяс Сакимов дайындаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 22
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары