21.08.2014, 06:31

Астананың білім басқармасы мұғалімдерді қайта даярлау жүйесімен келіспейді

Сурет: astana.gov.kz

Бүгін Астана қаласы білім қызметкерлерінің жыл сайынғы Тамыз кеңесі барысында білім басқармасының басшысы Эльмира Суханбердиева мұғалімдерді қайта даярлау жүйесін өзгертуді ұсынды, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Бұл жөнінде қала әкімдігі баспасөз қызметі таратқан мәліметте айтылған. 

— Мұғалімдерді 4 жылда бір рет қайта даярлықтан өткізу де, 5 жылда бір рет аттестаттаудан өткізу де тиімсіз. Финляндияда мұғалімдерді қайта даярлау жарты жылда бір рет жүргізіледі. Бүгінде нақ осы пәндер бойынша сабақ беретін мұғалімдерді жүйелі қайта даярлауға серпін керек. Олардың деңгейіне қойылатын талаптар жүйесі аса маңызды. Мұғалімдерді аттестаттау тәсілдерін өзгерту қажет, — дейді Эльмира Суханбердиева.

Оның айтуынша, бұл жүйе дұрыс емес.

— Мұғалім әр 5 жыл сайын аттестаттаудан өтуі тиіс. 4 жыл өткен соң бір жылдың ішінде ол нақты білім сапасының нәтижелерінен басқа барлық жетістіктері көрсетілген портфолио дайындайды. Бұл дұрыс емес, мұғалім әрбір оқу жылындағы жұмысының сапасына қарай объективті нәтижелер бойынша аттестаттаудан өтуі тиіс. Бұл тұтастай білім беру жүйесіндегі мәселе, — дейді ол.