Министр мәселе талапкерлердің аздығында емес, АҚШ-тың визалық саясаты қатаңдағанында екенін айтты.
Қазақстандық студенттердің АҚШ-та білім алу мүмкіндігі күрт қиындап барады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
«Болашақ» бағдарламасымен іріктелгендердің өзіне виза алу оңай болмай тұр. Ресми дерекке сүйенсек, кейбір жағдайда үміткерлердің 30 пайызына дейін виза берілмейді.
Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді. Министр мәселе талапкерлердің аздығында емес, АҚШ-тың визалық саясаты қатаңдағанында екенін айтты.
Яғни, басты кедергі — құжат емес, саясат. Виза ала алмаған студенттер оқу бағытын шұғыл өзгертуге мәжбүр. Оларды басқа елдердің университеттеріне бағыттау қарастырылып жатыр.