$ 443.85  474.3  4.8

Тасмағамбетов Астана мектептеріне психология пәнін енгізуді ұсынды

Астанада өткен Тамыз кеңесінде қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов мектеп бағдарламасына психологияны енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Skifnews.kz. 

— Мен ҚР Білім және ғылым министрлігіне Астананың кейбір мектептерінде эксперименттік негізде «психология» пәнін енгізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынамын, — деді И.Тасмағамбетов өз сөзінде.

Бұл орайда қала басшысы жақын арада психологияның базалық курстарының бірыңғай әдістемесін даярлау керектігін атап өтті. Мұнымен қоса И.Тасмағамбетов күрделі дүниетанымдық мәселелер бойынша жоғары сынып оқушыларымен сабақтан тыс психологиялық тренингтер ұйымдастыруды ұсынды.

— Бала тәрбиесінде қиын психологиялық талқылауға ата-аналарды өз еркімен жұмылдыруды қамтамасыз ету керек. Сонымен қатар оқу жылы барысында мектеп директорларына, олардың тәрбие жұмысы бойынша орынбасарлары үшін, сондай-ақ жоғары сыныптардың жетекшілеріне танымал педагог-психологтардың қатысуымен семинарлар мен тренингтер өткізу маңызды, — деп атап өтті әкім.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары