22.08.2014, 07:30

Қазақстандық мектептерде үшінші ауысымды алып тастау жөнінде бесжылдық жоспар бекітілді

Сурет: news.headline.kz

Қазақстанның білім және ғылым министрлігі қазақстандық мектептерде апаттылықты жою, сондай-ақ кейбір мектептерде үш ауысымдық оқыту жүйесін алып тастау бойынша бесжылдық жоспарды бекітті, Skifnews.kz.

Бұл туралы бүгін Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлім етті.

— Арнайы комиссия құрылды, апаттылықты жою және үш ауысымдық оқыту жүйесін алып тастау бойынша бесжылдық жоспар бекітілді, — деді А.Сәрінжіпов білім беру қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесінде.

Оның айтуынша, Қазақстанда  апатты жағдайдағы мектептердің көбі оңтүстік өңірлерде- Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстарында, сондай-ақ Шығыс Қазақстан өңірінде орналасқан.