25.08.2014, 09:46

Апатты жағдайдағы мектептер мәселесі 3-5 жылда түпкілікті шешіледі

Сурет: aktau.gov.kz

Апатты жағдайдағы мектептер мәселесі 3-5 жылда шешіледі. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР премьер-министрдің орынбасары Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов осылай мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz.

– Біздің елімізде бүгінгі таңда жыл сайын жүзден астам су жаңа мектептер пайдалануға беріліп жатады. Мұндай жобаларға мемлекет тікелей араласып қаржы бөлініп, арнайы бағдарламалар аясында ойдағыдай іске асырылып келеді. Тап осы қарқынмен жүріп отыратын болсақ, алдағы 3-5 жыл ішінде біз республикамыздағы мектептерге түрлі деңгейлі жөндеу жұмыстарын жүргізу жайын біржақты шешетін боламыз. Соның ішінде ерекше атап айтарым, апатты жағдайдағы мектептердің мәселесі түпкілікті шешілетін болады, – деді Аслан Бәкенұлы өз сөзінде. 

Айта кетейік, ағымдағы жыл бойынша елімізде 124 мектеп (44 – РБ, 80 – ЖБ) салынып, 43 751 бала жаңа білім ордаларында білім нәрімен сусындауда.