Алматыда кеше республикамыздың ғылым ұйымдарында PhD магистратурасы мен докторантурасының эксперименталдық білім бағдарламаларының салтанатты тұсаукесер рәсімі болып өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Биылғы 23 шілдеде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен ҚР БҒМ Ғылым комитеті ғылыми ұйымдарының жетекшілері Білім мен ғылымды интеграциялау туралы Бас шектемелі келісімге қол қойды. Бұл жоба әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен ҚР БҒМ Ғылым комитетінің 10 академиялық институтына 2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап экспериент ретінде 100 магистрант пен 50 докторантты бірге даяндауға кірісті.
Қазақ жастарына ең алғаш рет білімнің заманға сай стандарттары мен ғылыми дәстүрлерін біріктірген академиялық және ғылыми дәрежеге ие болудың ерекше мүмкіндігі ұсынылады. Ұсынылған білім бағдарламаларының ерекшелігі мен өзгешелігі көпшілікке танылған ғылыми мектептердің тізгінін ұстаған және зерттеу жұмыстры бойынша тәжірибесі бар көрнекті ғалымдар жасаған авторлық курстар болып табылады.