С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Жаһандық климаттың өзгеру мәселелері: үрдістер мен зардаптарға заманауи көзқарас» тақырыбында бейнедәріс өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Дәрісте гуманитарлық ғылымдар кандидаты, БҰҰ/ЖЭҚ энергоүнемдеу бойынша сарапшысы Александр Белый бақылаудағы климаттың өзгеруінің салдарын анықтады. 1941-2011 жылдар аралығы бойынша Қазақстандағы ауа райының уақытша өзгеруін бағалап, 2016-2045, 2036-2065, 2071-2099 жылдар аралығындағы климаттық өзгерудің болжамдарын жасады.
Сондай-ақ, тұрғын үйлердегі «жасыл экономика» бағыты бойынша тәжірибелі жобалар бойынша дәйекті деректер ұсынды. Дәріскердің айтуынша, аталмыш жоба жұмыстарының нәтижесі жылу энергиясын тиімді үнемдеуге болатынын көрсеткен.