Астана қаласының Білім басқармасы қыркүйек-қазан айларында барлық мектептердің жоғары сыныптарында түрлі сабақтар, зерттеулер, тестілеу мен ойындар өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтында жарияланды.
Осылайша, қажеттілік, мотив, бағыт-бағдар құндылықтары және оларға тән тәртіп формалары жататын адамдардың қарым-қатынас туралы түсініктерін дамыту мақсатында 13-14 жастағы балаларды топтастыруға бағытталған психологиялық сабақтар; балалардың психологиялық жайлылығын қамтамасыз ету, қорқыныш, сенімсіздік секілді психикалық тосқауылдарды жоюға ықпал ету мақсатында 9-11 сыныптарда түрлі дау-дамайлар бойынша рөлдік ойындар және т.б.-лар үшін арнайы тестілеу өткізіледі. Бұл балаларға сапалы, толық диагностика жүргізуге және кәмелетке толмағандардың барлық девиация формаларын анықтауға мүмкіндік бермек.
Адамгершілік тәрбие беру сабақтары аясында мектеп директорлары, оқу-тәрбие ісі бойынша орынбасарларға, сынып жетекшілеріне арналған «Қазіргі заманда рухани-адамгершілік тәрбие берудің басымдықтары», «Оқушыларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеудегі оқытушының рөлі» тақырыптарында оқыту семинарлары ұйымдастырылады.
Сонымен бірге, оқушылар мен ата-аналарға құқықтық сауаттылық бойынша да арнайы семинарлар өткізу жоспарланған.